Астана әкімдігі Назарбаевтың суреттерін алып тасталды. Алайда өзге әкімдіктер Тоқаевтың суреті бар күнтізбеге құштар. Қазақстанның электронды үкімет порталының жұмысы баяулап, қолайсыздық тудырды. Қазақстан шетелдіктерге банк картасын алу ережесін тағы қатайтады. Ресейліктерге қарсы тосқауыл ма?
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин соғысты аяқтауға кедергі келтірсе қосымша санкция саламын деп мәлімдеді. Бұған қоса, Трамп Украина президенті Владимир Зеленский пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймаса «көп мәселеге тап болады» деді.
Өзін "Назарбаевтың өнімі" деп атаған Иманғали Тасмағамбетов кімге өкпелі? Саясаткер неге мәжбүр болды? Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын жартылай жекеменшік қылмақ. Атыраудағы зауытқа ресейліктер көз тігіп отыр. Мьянмада зілзаладан кемі 1700 адам қаза тапты. АҚШ президенті Иранға сес көрсетті.
Басынан дау арылмаған Қазақфильм. Кино мамандары не талап етеді? Мянмада жер сілкінісінен биік ғимараттар құлап, ондаған адам мерт болды. Зілзала дүмпуін Қазақстан да сезді. Ұлыбритания инженерлері жүргізуші басқармайтын көліктерді жолақсыз тар көшелерге бейімдеп жатыр. Қауіпті емес пе?
Ресей президенті Путин Украинадағы билікті БҰҰ мен АҚШ-қа тапсыруды ұсынды. Киев пен украиналықтар «Путиннің Украинаның билігіне араласуға хақысы жоқ» дейді. Украина әскері Ресейдің Белгород облысына шабуылдап жатыр. Соғыстағы ахуал. 27-28 наурыз.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Еуропа одағын Орталық Азиямен байланысты адам құқығын ортаға қоюға шақырды. Ұйым бұл мәлімдемесін 3-4 сәуірде Самарқанда өтетін ЕО-Орталық Азия саммитінің қарсаңында жасады.
Азаматтық белсенді Марат Жыланбаевтың түрмеде тағы да аштық жариялағаны хабарланды. Кеше ғана үшеу еді, бүгін төртеу болды. Қазақстан жеріне әскери дрон құлау үйреншікті болып бара жатқан жоқ па? Қазақстанда демократия бар ма? Халықаралық рейтингіде неге авторитар елдердің қатарынан шыға алмайды?
Қазақстанның батысына тағы бір дрон құлады. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады. Аппараттың суреті я видеосы жарияланған жоқ. Ақпаннан бері облыс аумағында осымен төртінші рет кімге тиесілі екені белгісіз ұшу аппараты табылды.
Батыс Қазақстан аумағына тағы бір дрон құлады. Қорғаныс министрлігі оның қай елге тиесілі екенін айта алмай отыр. Қазақ мұнайының тасымалы тоқтай ма? Каспий құбыр желісінің Ресей аумағындағы станциясы тағы шабуылға ұшыраған. Түркиядағы наразылық басылмай тұр. Полиция мың жарым адамды ұстады.
Украина мен Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіссе де, кейінгі апталарда екі тарап бір-біріне дрондармен шабуылды күшейтті. Жарым-тылай келісім мен ауыр шабуылдар қазіргі соғыстың шынайы ахуалына айналды.
Қазақстанда халық Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлап жатыр. Ұлттық ойын-сауық түрлерінен жарыс өтті, танымал әртістер ән айтты. 21 наурыз күні Азаттық тілшілері Түркістан, Астана және Алматы қалаларындағы мерекелік іс-шаралардың қалай өтіп жатқанына куә болды.
Түркия халқы неге наразы? Президент Ердоған сайлау болмай жатып саяси қарсыластарынан арылуға кірісті ме? | Қазақстанда су тапшылығы мәселесі қиындап барады. Ал сенат су кодексін мәжіліске қайтарды. | Украинада қастандықтан қаза тапқан қазақстандық Айдос Садықовтың ісі сотқа әлі жеткен жоқ.
2019 жылғы 19 наурызда сағат 19.00-де Совет одағынан бері елді 30 жылдай үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеген. Ертесінде оның орнына сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, президент қызметіне кірісті. Алты жылда елде не өзгерді?
«Тоқаевтың екі ерлігі». Мәжіліс отырысында бүгін президентке көп мадақ айтылды. Қаңғып келді ме, әдейі атылды ма? Қазақстанға ұзындығы үш метр алып дрон құлады. Соғыс қашан тоқтайды? АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады.
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылаған. Ал Украина әскері Ресейдің Белгород облысына шабуыл жасағаны айтылды.
Қазақстанды үздіксіз 30 жыл билеген Нұрсұлтан Назарбаевты алмастырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болғанына 6 жыл. Бұл президент бұрынғы президенттен өзгерек пе? Тоқаевтың алты жылын қалай бағалайсыз? Израиль тағы да Газаны бомбалай бастады. Бір күнде үш жүзден астам адам мерт болған.
Трамп Курск облысындағы қақтығыста украиналық қоршауда қалды деп тағы да айтты. Ресей әскері Украинаның Сумы облысына шабуылдай бастады. АҚШ Қырымды "Ресей жері деп мойындауды қарастырып жатыр". Соғыстағы ахуал. 17-18 наурыз.
Тағы